Notice: add_option was called with an argument that is deprecated since version 2.3 with no alternative available. in /var/www/vhosts/13/137992/webspace/httpdocs/tan.kz/wp-includes/functions.php on line 3543 Маған жағымсыз кейіпкерлерді сомдау қызық болатын - Танирберген БердонгарТанирберген Бердонгар
Расписка при продаже квартиры, образец - fortstroi.com.ua
Информация о недвижимости - comintour.net
Чем штукатурят газобетон, смотрим на странице http://stroidom-shop.ru
cd76go7t

Маған жағымсыз кейіпкерлерді сомдау қызық болатын

 

ГАЗЕТА: “Алаш айнасы”
ДАТА: 15.10.11г.

Тәңірберген Бердіоңғаров, Мәжіліс депутаты:
– Тәңірберген, сіз жастайыңыздан саясатқа араластыңыз. Оған дейін ха­лық сізді кино арқылы жақсы таныды. Жалпы, саясатқа кетуіңізге қандай се­беп болды? 

– Қазір 30-40 жастағы біздің буынның ба­лалық шағы өтпелі кезеңмен тұспа-тұс келді. КСРО ыдырағаннан кейінгі қиын ке­зең­ді бастан кештік. Тұрғын үйлер жарық­сыз, жылусыз қалды. Зауыт-фабрика­лар­дың тоқтап қалуы біздің ата-аналарымызды жұмыс­сыздыққа душар етті. Осындай кезеңді көріп өскеннен кейін мен ел өміріне белсене қатысамын деп шештім. Сол кезде Абай атындағы Алматы МУ аталған жоғары оқу орнының заң факультетіне оқуға түстім. 1999 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың кандидатурасын қолдайтын штабында белсене жұмыс істедім. Қазақстан телеар­насында жастар редакциясын құруға атса­лыстым. Одан кейін «Отан» партиясы­ның қатарына өтіп, «Жас Отан» жастар қанатын құру жолында жұмыс істедім. Осылайша, ашық саясатқа келдім.

– Ұялы байланыстың қымбаттығын мәселе етіп көтердіңіз. Бұл мәлім­демеңіз көптеген жастардың көңілінен шықты. Алайда әр нәрсенің екі жағы болады ғой. Байланыс операторлары лобби жасады деген әңгіме де болды. Ұялы байланыс операторларынан ақша алғаныңыз рас па? 

– Мен Қазақстандағы ұялы байланыс қызметі бүкіл ТМД бойынша қымбат екенін айтып, осы жағдайды мәселе етіп көтердім. Неліктен? Неге қазақстандықтар ұялы қызметке басқа елдерге қарағанда көп қаржы шығындауы керек? Енді ғана байла­ныс қызметі минутына 17 теңгеден 8 тең­геге дейін арзандады. Біздегі монополист байланыс операторлары байланыс түрі арзандағандықтан қосымша кірістен қа­ғылып отыр. Сондықтан мен туралы алып­қашпа әңгіме таратқан сол опера­торлардың қызметкерлері болуы мүмкін. Кез келген адамды сынап жатады ғой. Сын­ға қалмас үшін ештеңе істемей, үйіңізде қол қусырып отыру керек. Сондықтан кім не десе де өз еркі. Бірақ менің – арым таза.

– Қазақстан киноиндустриясы да­мып келеді. Өнерге қайта келу ойыңыз­да жоқ па? 

– Қазір менің алдымда қоғамдағы түрлі проблемаларды шеше алатын қуатты заң жазу міндеті тұр. Ал бұл көп уақытты алады. Сондықтан киноиндустрия саласына оралу ойымда жоқ.

– Сіз «Тоғысқан тағдырлар» сериа­лын­да бұзақы Арманның рөлін сомда­дыңыз. Тәңірберген мен Арманның арасында ұқсастықтар бар ма? 

– «Тоғысқан тағдырлар» сериалынан кейін де мен бірнеше рөлдерді сомдадым. Олардың арасында жағымды да, жағымсыз да кейіпкерлер бар. Шынымды айтсам, маған жағымсыз кейіпкерлерді сомдау қы­зық болатын. Себебі мен шынайы өмір­де Арман сияқты жүре алмаймын. Арманның қылық­тары – мен үшін бейтаныс дүниелер. Сон­дықтан Арман екеуміздің арамызда ұқсас­тықтар жоқ, айырмашылықтар жер мен көктей.

– Бұл сұрақты қойған себебім, жа­қында біздің бір әріптесімізбен кикіл­жің­ге келіп қалдыңыз. Сізді рингке ша­қырған еді. Рингке шығар ма едіңіз? 

– Егер қылмыскерлер өзінің дұрыстығын шаршы алаңда дәлелдейтін болса, онда өмірде кәсіби боксшылар ғана адал болып шығар еді.

– Сізді «Екі жұлдыз» жобасынан да көрдік. Әншілігіңізді жақындарыңыз қалай қабылдады? 

– Әу демейтін қазақ жоқ дейді ғой. Ме­ніңше, әрбір қазақ әнсіз өмір сүре алмайды. Кейде ән айтатын әдетім бар. Менің актер­лік қабілетімді білетін жұртқа «Екі жұлдыз» жо­басы әншілік қырымды да танытты. Жа­қындарым да өте қызық болды деп жат­ты.

– Қазақ тілін жақсы меңгеріпсіз. Тіл үйренуде қандай әдіс-тәсілдерге сүйендіңіз? 

– Өзіңіз байқап отырсыз, екеуміз өзара әңгімені қазақша бастадық. Меніңше, тіл үйренудің ең басты әдісі – сол тілді жақсы білетін азаматтармен сөйлесу. Ең бастысы, ұялу, қысылып-қымтырылу деген болмауы керек. Өйткені тіл білмейтіндердің көбі «қате сөйлеп қойсам басқалар алдында күлкіге қаламын» деген ойдан арыла алмай, мүлде сөйлемей кетеді.

ПОНРАВИЛОСЬ? ПОДПИШИСЬ
ПОДЕЛИТЬСЯ:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • MySpace
  • FriendFeed
  • В закладки Google
  • LinkedIn
  • Одноклассники